1О, түйсіксіз аңқау ғалаттықтар-ай, сендерді біреу сиқырлап қойды ма? Иса Мәсіхтің айқыштағы өлімін көз алдарыңнан кетпестей етіп суреттеп беріп едім ғой!
2Маған мынаны ғана айтыңдаршы, Киелі Рухты қалай қабылдадыңдар: Таурат заңын орындау арқылы ма, әлде Ізгі хабарды тыңдап, сену арқылы ма?
3Сондай түйсіксіз бе едіңдер: рухани өмірді Киелі Рухпен бастап, өз күштеріңмен кемелденбек екенсіңдер ғой?
4Сонда қалай, бастарыңнан өткізгендеріңнің бәрі бекер болғаны ма? Ол шынымен бекер болмады, солай емес пе?
5Құдайдың сендерге өз Рухын беріп, араларыңда керемет істер жасағанының себебі — Таурат заңын орындауларың ба, әлде Ізгі хабарды тыңдап, сенулерің бе?
6Ыбырайыммен де солай болды: ол Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды.
7Көздерің жетіп тұр: Тәңір Иеге сенім артқандар ғана — Ыбырайымның нағыз ұрпақтары.
8Киелі жазбалар Құдайдың басқа ұлттарды сенім арқылы ақтайтынын алдын ала білдірді. Ол Ыбырайымға: «Сен арқылы Мен барлық ұлттарды жарылқаймын» деген Ізгі хабарды мәлімдеді.
9Сондықтан Тәңір Иеге сенім артқандар ежелде Оған сенген Ыбырайым арқылы жарылқанады.
10Ал өздерінің Таурат заңын ұстанғандарына сүйенушілердің бәріне қарғыс тиеді! Сол туралы мынадай сөздер жазылған: Таурат заңының кітабындағы барлық ережелерді сақтап орындамағанды қарғыс атады!
11Ендеше Таурат заңын орындаған ешкімнің сол арқылы Құдай алдында ақтала алмайтыны анық. Өйткені «сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмірге ие болады».
12Осы сенім жолы Таурат заңының жолынан өзгеше: соның ережелерін «бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді».
13Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта «ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады» деп жазылған.
14Осылайша Құдай Ыбырайымға уәде еткен ақ батаны Иса Мәсіх арқылы басқа ұлттарға да берді. Енді Мәсіхке сенген бәріміз уәделенген Киелі Рухты сенім арқылы қабылдаймыз.
15Қымбатты бауырластар, күнделікті өмірден мысал келтірейін: бекітілген келісімнің
16Тәңір Ие уәдесін Ыбырайымға және оның ұрпағына берді. Ол «ұрпақтарыңа» деп көпше түрде емес, «ұрпағыңа» деп жекеше түрде айтты.
17Айтайын дегенім мынау: төрт жүз отыз жылдан кейін берілген Таурат заңы Құдай бұрын бекіткен Келісімнің күшін, яғни Оның Ыбырайымға Мәсіх жөнінде берген уәдесінің күшін, жоя алмайды!
18Себебі егер мұрагерлік Таурат заңына байланысты болса, онда ол уәде арқылы берілмес еді. Алайда Құдай мұраны Ыбырайымға рақыммен уәде етті.
19Онда Таурат заңының атқаратын қызметі қандай? Ол күнәларды әшкерелеу үшін
20Ал жалғыз біреу іс жүргізетін болса, онда арада жүрушінің керегі жоқ: Ыбырайымға уәдені берген — Құдайдың жеке Өзі!
21Сонымен, Таурат заңы Құдайдың бұрын берген уәдесіне қайшы келіп тұр ма? Жоқ, мүлдем олай емес! Себебі егер мәңгілік өмірге қол жеткізетін заң берілген болса, онда адамдар оны орындап ақтала алар еді.
22Алайда Киелі жазбалар бүкіл адамзаттың күнәнің тұтқынында екенін мәлімдейді.
23Осы сенімнің заманы туып, келуге тиісті Мәсіхке сене алғанға дейін біз Таурат заңының бақылауында болып, тұтқынында жүрдік.
24Басқаша айтқанда, Таурат заңы «тәрбиелеушіміз» болып бізді Мәсіхке әкелді,
25Ал енді, сенімнің заманы туғаннан бері «тәрбиелеушінің қарамағынан шықтық».
26Өйткені барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар.
27Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен
28Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар.
29Және сендер Мәсіхтікі болғандықтан, Ыбырайымның рухани ұрпағысыңдар, әрі Құдайдың оған уәде еткен игіліктерін иемденесіңдер.