1Енді Құдайдың мұқтаждық көріп жүрген (Яһудеядағы) халқына көмек жинау
2Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан
3Сол кезде өздерің сәлемдемелеріңді апару үшін таңдап алған адамдарыңа сенімхаттарымды беріп, оларды Иерусалимге шығарып саламын.
4Егер өзімнің де баруым жөн болса, онда бірге барармыз.
5Мен сендерге Македония арқылы сапар шегіп келмекпін. Себебі сол өлкемен өтетін ойым бар.
6Ал сендерде біраз тоқтап, тіпті қыстап та қалуым мүмкін. Осылай қай жаққа сапарымды жалғастырсам, мені жолға шығарып сала аласыңдар.
7Себебі қазір жолай соққым келмейді; Иеміз қаласа, біраз уақыт өздеріңмен бірге болсам деп үміттенемін.
8Алғашқы өнім мейрамына
9Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес.
10Тімоте
11Ешқайсың оны елемей жүрмеңдер,
12Ал бауырласымыз Аполлос
13Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар!
14Бәрін де сүйіспеншілікпен істеңдер!
15Степан мен оның үй ішін білесіңдер, олар Ахаядағы
16осындай адамдардың және олармен істес болып, қажырлы еңбек етіп жүргендердің жетегіне сендер де еріңдер.
17Степан, Фортунат және Ахайықтың келгендеріне қатты қуанып қалдым. Олар сендердің жоқ екендіктеріңнің орнын толтырып,
18мені де, өздеріңді де рухтандырды. Мұндай адамдар шынында да қадірленуге лайық.
19Азия өлкесіндегі
20Мұндағы барлық бауырластар да сәлем айтуда. Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,
21Енді мен, Пауыл, сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын.
22Иемізді сүймейтін әркімді Құдайдың қарғысы атпақ.
23Сендерге Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін!
24Менің сүйіспеншілігім Мәсіх Исамен байланысқан бәріңмен бірге. (Аумин.)